Кеше 2026, 23:55
Фото: freepik
Астанада 13 жасар бала операция үстінде қайтыс болған: Дәрігер амнистияға ілікті
Дәрігерді адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін дұрыс орындамау дерегі бойынша айыптады.
Астанада 13 жастағы жасөспірімнің операция үстінде қайтыс болуына қатысты анестезиолог дәрігерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дәрігерді адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін дұрыс орындамау дерегі бойынша айыптады.
2024 жылдың 29 шілдесінде мұрыннан полип алу операциясы кезінде анестезиолог қателік жасап, бала қанды жұтып қойған. Айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Баланың ата-анасы қатаң жаза қолдануды талап еткен, - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі бойынша дәрігер Т. екі жылға бас бостандығынан айырылды және үш жылға медициналық қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Алайда амнистияға сәйкес, ол негізгі жазадан босатылды.