Бүгiн 2026, 17:08
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Елордада Есіл ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар жоғары қабаттардан 10 адамды эвакуациялады.
Астанада Есіл ауданындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде жетінші қабаттағы пәтерден қою түтін шыққаны анықталған.
Құтқарушылар дереу өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Кейінірек өрт толық сөндірілгені белгілі болды. ТЖМ күштері жоғары қабаттардан 10 адамды қауіпсіз жерге шығарған.
Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, ас үйдегі тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаз жанған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.