Астанада 10 жыл салынған тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында 10 жылдан бері салынып жатқан нысанның құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Біз 10 жылға жуық тарихы бар ұзақ мерзімді нысанының құрылысын аяқтадық. "Алтын бұлақ" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылы басталды. Үйдің 5 блогы салынуы тиіс еді. Үлескерлер саны 400-ге жуық отбасы, - деп жазды әкім.

Ол мемлекетке тапсыру кезінде тұрғын үй кешені құрылысының 20%-ы ғана аяқталғанын айтты.

Республика күні үш блоктың үлескерлері пәтер кілттерін алды.

Сондай-ақ әкім биыл 4 мыңға жуық үлескер отбасы күтіп отырған ұзақ салынып жатқан 30-дан астам тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл үйлердің біразының құрылысы ақталып қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы