Астанада 10 жайлы мектеп ашылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кезекті мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды. Бұл елорда үшін абсолютті рекорд болып саналады. Қасым Қайсенов көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған. Мектеп оқушылардың ыңғайлылығы үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған, - деп атап өтті қала басшысы.

Айтуынша, Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 10 мектеп салынып, есігін айқара ашты.

Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Осы мектептердің өзі екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, тағы 4 мектептің үш ауысымды оқыту проблемасы, сол сияқты тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешілетін болады. Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы