Астанада 10-нан астам автобустың бағыты уақытша өзгереді
Астанада бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс схемасы мен аялдама тәртібі уақытша өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 мамырдан бастап №307 бағыттағы автобус Қоянды ауылына жаңа уақытша схема бойынша қатынайды. Сонымен қатар, жұмыс күндеріне арналған қозғалыс кестесінде де өзгерістер болады.
Бұдан бөлек, №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 120, 120А, 307 және 317 маршруттары үшін «Көк базар» және «Орда базар» аялдамаларында жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Женевада Қытай мен АҚШ сауда келіссөздерін бастады
Өзгелердің жаңалығы