27 Мамыр 2026, 15:46
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Құжаттарды онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
27 мамырдан бастап Астанадағы барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.
Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданады. Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар платформада кейбір техникалық ақауларға байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланды.
1-сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
- ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
- №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
- баланың №052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
- 3×4 көлеміндегі екі фотосурет.
Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
- Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілді 07:10
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25