Астанада 1 млн теңге жүлде қоры бар Counter-Strike 2 турнирі өтіп жатыр
Турнир «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылған.
Астанада «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Counter-Strike 2 киберспорт турнирі өтіп жатыр. Жарысқа елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен танымал блогерлерден құралған 16 команда қатысуда.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге. Жеңімпаздар финалдық матчтардың қорытындысы бойынша анықталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – жастарды қауіпсіз әрі белсенді демалысқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Біз жастар мен қоғамға танымал адамдарды бір алаңда тоғыстырып, белсенді әрі салауатты демалыстың қызықты болатынын көрсеткіміз келеді», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің өкілі Әлия Қибатқызы.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері елордада 500-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Осы кезеңде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 600-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, 500 келіден астам есірткі заты тәркіленген.
Турнир «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылған.