Астанада 1 бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген
1000 – ға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы