Астана жолдарында 12 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті

Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ержан Әділбеков брифингте жолдардағы қауіпсіздіктің жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 5-29 ақпан аралығында полицейлер 11 890 жол ережесін бұзушылықтың жолын кесті.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 70 жүргізуші ұсталды, апаттық жағдай жасағаны үшін – 123, телефонды пайдаланғаны үшін – 380, қауіпсіздік белбеуі үшін – 1116, бағдаршамның тыйым салатын сигналына – 320, жол жүргені үшін – 1810-нан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, - деді Ержан Әділбеков.

Оның айтуынша, берешегі бар жүргізушілер «Қорғау» қосымшасы арқылы анықталады. ЖПІШ қорытындысы бойынша 558 жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешегі туралы хабарлама алды, коммуналдық тұраққа 80 автокөлік қамауға алынды.

Сонымен қатар елордада көлік тәртібін арттыру үшін жұма күндері адам көп жиналатын жерлерде жаяу жүргіншілермен жұмыс жүргізіледі. Сонымен, 1350 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Бүгінде жолдарда 300 қиылысты және 400 желілік учаскені қамтитын 6 мың бейнекамера орналастырылған. Олар жыл басынан бері 17 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Автопатрульдер үшін «Ekin Patrol G2» кешендерін іске қосу жүзеге асырылды. Осы кешен арқылы тест режимі шеңберінде 2101 ЖЖЕ бұзушылық анықталды, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 1091 ұйғарым ресімделді, - деді спикер.

Бүгінгі таңда 2024-2025 жылдарға арналған Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру және елорданың көше-жол желісінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша кешенді жоспар әзірленуде. Оның ішінде елорда әкімі мен ПД басшысы оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын дамытудың 2024 жылға арналған жоспарын бекітті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы