Астана – Жітіқара жаңа теміржол қатынасы іске қосылады

3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бағыт Қостанай облысы тұрғындарының өтініштері бойынша ұйымдастырылған.

«Астана – Жітіқара» бағыты бойынша қайта отырғызусыз жүретін вагондар 104 орынға есептелген және күн ара қатынайтын болады. Пойыз Нұрлы жол вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, «Жітіқара» станциясына жұп күндері сағат 15:56-да келеді,- деп көрсетілген хабарламада.

Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді. Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай қалалары арқылы өтетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы