"Астана – Жезқазған" бағытындағы пойыз Қызылордаға дейін ұзартылады
14 желтоқсаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго №65/66 "Астана – Жезқазған" пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады. Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Астана – Қызылорда" пойызы күнара қатынайды. Бұл бағытта бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады. Бағытта жайлы Тальго вагондары қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған, – делінген хабарламада.
Компанияның дерегінше, бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Украинаға қарсы санкциялар енгізді
Өзгелердің жаңалығы