"Астаналық" велошабандоз Франциядағы көпкүндікте бірінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» велокомандасының шабандозы Якоб Фульсанг Францияда өткен «Критериум Дофине» көпкүндігінде бірінші орын алды.

prosports.kz сайтының жазуына қарағанда, отандық команда өкілінің жеңісіне оның «патшалық» кезеңдегі нәтижесі себеп болған. 

"Ол кезеңде дат елінің азаматы мәреге екінші болып келген. Шешуші кезеңде бірінші орынға таластағы басты қарсыласы Адам Йейтс Фульсангтан бес минутқа қалыс қалды. Mitchelton-Scot командасының намысын қорғайтын Адам жеңіске жетпек түгілі, алғашқы ондыққа енбей қалды" - деп жазады спорт сайты. 

«Критериум Дофине». 8 кезең. Клузе – Шампери. 113,5 км. 

1.Дилан ван Баарле (Team INEOS) – 3:05:48 

2.Джек Хэйг (Mitchelton-Scott) – жеңімпазбен бірдей уақыт 

3.Карл Фредерик Хаген (Lotto Soudal) – +0:50… 

8.Алексей Луценко (Astana Pro Team) – +1:59 

16.Якоб Фульсанг – +1:59 

Қорытынды кезеңнен кейінгі нәтиже: 

1.Якоб Фульсанг (Astana Pro Team) – 30:44:27 

2.Тиджей ван Гардерен (EF Education First) – +0:20 

3.Эмануэль Бухманн (BORA - hansgrohe) – +0:21.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы