28 Қараша 2026, 07:49 Фото: BAQ.KZ архиві

Астана ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды

Қатты жел, көктайғақ, қар жаууы және ауа температурасының күрт өзгеруі түрлі төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Қатты жел, көктайғақ, қар жаууы және ауа температурасының күрт өзгеруі түрлі төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты мамандар мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • Қажет болмаса, үйден шықпаңыз;
  • Ағаштардың, жарнама қалқандарының, электр желілері мен өзге де тұрақсыз құрылымдардың маңында тұрмаңыз;
  • Жүргізушілер жылдамдықты төмендетіп, көлік арасындағы қашықтықты сақтасын және жол жағдайына мұқият болсын;
  • Жаяу жүргіншілер тротуарлар мен өткелдерде, әсіресе көктайғақ кезінде абай болсын;
  • Жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаңыз.

Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Мамандар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектесетінін еске салады.