Астана тұрғыны пара беруге итермелегені үшін 12 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.Ж. Әбдікәрімовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп 250 мың АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы