Астана тұрғыны көлігін пәтерге айырбастамақ болып, тақырға отырды

Көлігін пәтерге айырбастағысы келген Астана тұрғыны алаяққа аданып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада құны 8,5 миллион теңге тұратын автокөлікті алдау арқылы иеленген ер адам ұсталды. Ол интернеттегі хабарландыру сайтында пәтерін көлікке айырбастау туралы ұсыныс жариялаған. Бұл ұсынысқа бір азамат қызығушылық танытып, көлігін беруге келіседі. 

Алайда "пәтер иесінің" тұрғын үйге қатысты толық құжаттары да, айырбас келісімшарты да болмаған.

Автокөлік берілгеннен кейін күдікті байланысқа шықпай қойған. Сол кезде жәбірленуші өзін алдап кеткенін түсініп, полицияға барып арыз жазған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтың жеке тұлғасы анықталды. Белгілі болғандай, ол осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотты болған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, - деп жазылған Астана қаласының ПД хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада такси жолаушысы жүргізушінің iPhone-ын ұрлап кеткенін хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы