Астана тұрғыны алаяқтарға 120 мың долларын беріп жіберген

Шымкентте құқық қорғаушылар мен Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметкерлері бірігіп өткізген арнайы операциясы кезінде күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар астаналық кәсіпкерге бизнестегі серіктесі ретінде хабарласып, 120 мың доллар қарыз сұраған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Алаяқтардың сөзіне иланған ол Алматыға барып, келісілген шарт бойынша танымайтын азаматтың қолына қыруар қаржыны ұстатады. Кейін кәсіпкер танысына хабарласып берешегін сұрағанда, серіктесі қарыз туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты. Қазір күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы