Астанада Терроризмге қарсы орталықтың отырысы өтті
Астана, BAQ.KZ. Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік органдардың басшылары белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады», - делінген хабарламада.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді.
Терроризмге қарсы орталық отырысының нәтижелері бойынша, бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдегі киім-кешектің 82% импорттық тауарлар – «Атамекен» ҰКП
Өзгелердің жаңалығы