Кеше 2026, 23:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астана су қоймасында жағадан алыстап кеткен екі адам құтқарылды

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Астана су қоймасында желдің күшеюінен жағадан алыстап кеткен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Аршалы кенті маңында болған. 1997 және 1998 жылы туған екі ер адам серфинг тақтасында жүрген кезде қатты екпінді жел салдарынан жағаға өздігінен қайта алмай қалған.

Олар 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар азаматтарды жағадан шамамен 20 метр қашықтықтан тауып, аман-есен жағаға жеткізді.

Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.