Астана су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды
Елорданың ТЖД бастығының орынбасары Дастан Алдабеков Астана су қоймасы жөндеуден өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана су қоймасында соншалықты апат болған жоқ. Қазіргі уақытта су қоймасы контрреттегіш режимінде. Бұл дегеніміз – қаланы су тасқынынан қорғау. Қазір су қоймасын жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Әкімдікте осы мәселе қаралып, қаржы бөлу жағы шешіледі. Биыл контрреттегішті жаңартуға ақша бөлініп, атқарылатын іс-шаралар аясында Есіл өзенінің арнасын кеңейту мүмкіндігі туады деген ойдамыз. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар, бөгетті нығайту, тас төсеу жұмыстары жүргізілмек, - деді ол Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропада су тапшы
Келесі жаңалық
Канар араларында 84 мигрант құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы