Астана шетіне 700 тонна қоқыс төккен кәсіпкерге айыппұл салынды

Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқаған.

Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді. Машинаның қай ұйымға тиесілі екеі анвқталып, жауапқа тартылды, - делінген Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Заң бұзған кәсіпкер 30 ауыр жүктің  жалдау ақысын төлеп, 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кетейік, Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді. Басқа учаскелерде қоқыс төгілсе заң бойынша жаза қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы