28 Қазан 2024 2024, 09:07
Фото: -архив
"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
"Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.