«Астана рухын» жандандыру керек – ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейнеконференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысуда.

Сенат төрағасының орынбасары Тұрақты комитет отырысында сөйлеген сөзінде ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті шешімдерінің тарихи құндылығы мен маңызын атап өтті. Ол сондай-ақ ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі қабылдаған ұйымның негізгі төрт институтының басшысын тағайындау туралы шешімдерге қолдау білдірді.

Қазақстанның өкілі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына ие болды. Осыған дейін ТМД және Орталық Азия елдерінің өкілдері ұйым басшылығының құрамына сайланбағанын айта кеткен жөн. Шілде айындағы жыл сайынғы сессиядағы сайлау барысында да географиялық тең өкілдік қағидаты сақталады деп үміттенеміз, - деді төраға орынбасары.


Асқар Шәкіров 10 қаңтарда жаңа заңнамалық негізде өткен Қазақстандағы парламенттік сайлауға байқаушылар миссиясын жібергені үшін Парламенттік Ассамблеяға алғыс айтты. Ол Тұрақты комитет мүшелерін президенттік саяси реформалар топтамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі, атап айтқанда, саяси партиялардың Парламентке өту шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету, сондай-ақ сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" тармағын енгізу жөніндегі бастамаларымен таныстырды.

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла Қазақстан делегациясы басшысының сөзіне жауап ретінде ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы Астана Саммитінің нәтижелі қорытындысын ескере отырып: "Біз "Астана рухын" жандандыруымыз керек, - деп атап өтті ол.
 

Форум барысында Ассамблеяның Жалпы комитеттерінің (саяси мәселелер және қауіпсіздік; экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта; демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер бойынша) отырыстары өтетін болады.

Осы отырыстар аясында ЕҚЫҰ ПА-ның жыл сайынғы 29-сессиясының (2021 жылғы 6-10 шілдеде) қарауына шығарылатын тұжырымдамалық мәселелер бойынша пікір алмасу көзделіп отыр. Іс-шараларға сенаторлар - Ақмарал Әлназарова, Ғұмар Дүйсембаев және Қайрат Қожамжаров қатысуда.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы