Кеше 2026, 12:48 Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Астана референдумға қалай дайындалып жатыр?

Елорда көшелерінен фоторепортаж.

3 аптадан кейін Қазақстанда Конституциялық реформаға байланысты жалпыхалықтық референдум болады. Осыған орай, ел ордасы Астана науқанға қаншалықты дайын? Мұны білу үшін BAQ.KZ тілшісі фотографпен бірге қала көшелеріне шықты.

Ең алдымен, референдумның күні туралы хабарламаны Есіл ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының үстіне орналасқан лед-экраннан байқадық. Ғимараттың жанында референдум жөнінде маңызды ақпараттарды ілуге арналған стенд те орналасқан. 

 Алайда стендке әзірге ешқандай ақпарат ілінбепті.

Сондай-ақ қала бойынша қоғамдық көлік аялдамаларының бірқатарының жарнама панелдеріне де жаңа Конституция жобасының кейбір сөйлемдері орналастырылыпты. 

 

Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр, Қазақ радиосы, Ақмешіт, Түркістан, Мәңгілік ел, Мақатаев көшелерін қиып өтетін Қонаев көшесінің бойындағы жарнама тақталарынан да жаңа Конституция туралы ақпараттарды кездестіруге болады. 

Қаланың басқа аймақтарындағы жарнама тақталарында да алдағы рефендум мен жаңа Конституцияға қатысты материалдар ілінген.

Астана көшелерінен ел өмірі үшін аса маңызды саяси науқанның жақындап келе жатқаны сезіледі.