Астана: Қызықты 10 дерек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 6 шілде – елордалықтар Астана күні мерекесін тойлап жатыр. Дәл бүгін астананың Арқа төріне ауысқанына 24 жыл толды. 

1998 жылы ел астанасы сол кездегі Астана қаласына ауысқаннан бастап еліміздің тарихында елеулі өзгерістер басталды. Сол кезден бастап ширек ғасырға жуық уақыт бойы елордамыз тәуелсіз Қазақстанның түбегейлі бетбұрыстарының куәсі болып келеді. Елдің бас қаласы туралы қызықты деректерді ұсынғанды жөн көрдік.

• Астана – жастардың қаласы. Олай деуімізге себеп, қала тұрғындарының орташа жасы – 30 жас. 

• 2012 жылы елордамыз ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды. 

• Орталық Азиядағы ең үлкен театр – «Астана Опера» бас қаланың төрінен бой көтерді. 

«Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы – әлемдегі ең үлкен шатыр. 

• Орта Азиядағы ең биік ғимарат саналатын «Абу Даби Плаза» астанада бой көтерді. Құрылысы аяқталуға жақын аспанмен тірескен ғимарат 75 қабаттан тұрады деп жоспарлануда. Оның биіктігі 383 метрді құрамақ. 

• «Думан» ойын-сауық орталығындағы мұхитарал – Гиннестің рекордтар кітабына енген. Әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырым қашықтықта салынған кешенге 120 тонна теңіз тұзы қолданылған. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық теңіз жәндіктері әкелінген.  

• Астана – әлемдегі ең суық астаналардың бірі. 

• 2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі елорданы әлемнің ең үздік 30 қаласының қатарына кіргізген. 

• Қаладағы Мәңгілік ел мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынып жатыр. Жақында ашылатын 30 мың адам сыяды. 

• Астананың рухани тұрғыдан тағы бір мақтан тұтатын орны – қаланың орталығында орналасқан Ұлттық академиялық кітапхана. Ең үлкен кітапханалардың бірі болып саналатын орталықта 2,5 млн-нан астам кітап қоры бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы