Бүгiн 2026, 02:15
Фото: depositphotos.com
Астана–Қостанай бағытында уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді
"Астана – Атбасар – Жаксы – Рузаевка – Сарыколь – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының бір бөлігінде қозғалыс шектелді.
Республикалық маңызы бар аталған тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20 наурыз күні сағат 22:00-ден бастап дизельді және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу жол жамылғысының шамадан тыс ылғалдануына және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілген.
Атап айтқанда, қозғалыс KAZ03 "Астана – Атбасар – Жаксы – Рузаевка – Сарыколь – Қостанай – РФ шекарасы" тасжолының 346–407 шақырым аралығында — Жақсы елді мекенінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігінде шектелді. Жабық учаскенің ұзындығы 61 шақырымды құрайды.
Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол жағдайындағы өзгерістерді қадағалау ұсынылады.