29 Қыркүйек 2023 2023, 06:28

Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды тас жолында, сондай-ақ Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілуде. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 28 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Қобда аллеясынан Армандастар көшесіне дейінгі Астана-Қарағанды тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Сонымен қатар, жолдың орташа жөнделуіне байланысты 30 қыркүйектен 1 қазанға дейін Р.Қошқарбаев-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.