11 Шілде 2026, 10:16
Фото: Көлік министрлігі
Астана – Қарағанды тас жолындағы жол апатынан кейін қозғалыс бірнеше сағатқа қиындады
Жол-көлік оқиғасынан кейін көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жолда ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
Астана – Қарағанды автожолында жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан трассаның бір бөлігінде қозғалыс уақытша қиындады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 10 шілде күні сағат 16:30 шамасында автожолдың 42-шақырымында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Жол апатынан кейін аталған учаскеде көлік кептелісі пайда болды. Оқиға орнына жедел жеткен жол қызметінің мамандары жолдың жүру бөлігін тазалап, апат салдарын жойып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Трассадағы қозғалыс толықтай сағат 20:30-да қалпына келтірілді.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.