Астана қаласының әкімдігі Байбек Қыдырғалиге салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді
Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін тексерулер жүргізу және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы органдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізеді. МИБ өтініші негізінде Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлына қатысты мемлекеттік органмен келісілмеген қайта жабдықтау және кіру тобын қайта құру фактісі бойынша стандартты тексеру жүргізілді. Сот шешімімен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, биыл қала бойынша осыған ұқсас өтініштер негізінде жүргізілген тексерулердің нәтижесіне сәйкес қала тұрғындарына 266 айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою жөнінде 101 ұйғарым берілді.
Мұндай тексерулер тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша көптеген бұзушылықтар анықталады.