Астана қаласында мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды

Бас прокуратурада мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президентің көмекшісі Е.Н.Жиенбаев, Конституциялық Соттың Төрағасы Э.Ә. Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е.Ластаев құттықтау сөз сөйледі.

Жұмысқа Жоғарғы және Конституциялық соттардың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті заңгер ғалымдар мен өңірлік прокуратуралардың қызметкерлері де қатысты.

Форумды аша отырып, Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы 2022 жылғы наурызда Қазақстан халқына жолдауында Әділетті Казақстанды қалыптастыруда негізгі қадамдардың бірі болып табылатын сот төрелігін жүзеге асыруға азаматтық қатысуды кеңейтуді тапсырғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 40-тан аса баптары алқабилер сотында қаралатын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрамдарын қамтиды. Жалпы, елімізде алқабилер соты институты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оған азаматтардың сенімі жыл сайын артып келеді, - деп атап өтті Қадағалау ведомствосының басшысы.

Осы орайда прокурорлар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Олардың сауатты және белсенді қатысуы тараптардың жарыспалылығын арттыруға және заңдылықты нығайтуға ықпал етуі керек.

Сонымен қатар Бас прокурор прокурорларды кәсіби даярлаудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керектігін баса айтты.

Сондықтан ол салалық Қызмет пен Құқық қорғау органдары академиясына өз жұмысын тыңдаушыларға шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйретуге бағыттауды тапсырды.

Форумда сондай-ақ алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегі рөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Судьялар, адвокаттар, практик-заңгерлер мен прокурорлар алқабилер институтын дамыту, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру мәселелері және басқа да өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.

Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар алқабилер сотын дамытудың көтерілген мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуратура
Өзгелердің жаңалығы