Астана қаласы мәслихаты депутаттары сайлауының қорытындысы белгілі болды

Астана қалалық әкімдігінде елордалық мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова аумақтық сайлау комиссиясының отырысында  мәлімдеді.

Сайлау қорытындысын тек кандидаттар ғана емес, елорда халқы күтіп отыр. Ауқымды жұмыс жүргізілді. 2023 жылғы 19 наурызда Астана қаласы мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы өтті. Сайлаушылардың тізіміне 788 931 азамат енгізілді, - деп атап өтті комиссия төрағасы.

Сонымен қатар ол дауыс беруге қанша азамат қатысқанына тоқталды.

Сайлауға дауыс беруге 332 мың 694 сайлаушы қатысты. Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар дауысы мынандай болды, - деп атап өтті Бақыт Бектемісова.

Белгілі болғандай, партиялар сайлауының дауысы төмендегідей:

1. Amanat партиясы – 68,78% немесе 227 307 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 0,65% немесе 2 197 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 1,63% немесе 5401 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 5,12% немесе 18 174 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 5,49% немесе 18 154 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 19,96% немесе 56 045 адам дауыс берді;

Ал 3 269 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы