Астана: Қала біреу, бірақ аялдама тізімге кірмесе ешкімге керек емес
Бүгінгі таңда қала бойынша 180-ден астам жабық типтегі аялдама павильондары орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жыл басынан бері елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 23 аялдама павильонын салды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым оларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жыл соңына дейін мердігер осы павильондардың барлығын жылумен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Әзірге бұл павильондарда оларды қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабарландыру орналастырылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазды Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы