Астана процесінің бейбітшілік пен тұрақтылықта маңызы зор – Оңалбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу барысында СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары Оңталап Оңалбаев айтты.

Бүгін Астана процесінің шеңберінде Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу мәресіне жетіп отыр. Астана процесі 2017 жылдан бастап Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен өткізіліп келеді. Осы процестің арқасында Сирия Араб Республикасы аумағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыру жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізілді, - деп атап өтті Оңталап Оңалбаев.

Сонымен қатар ол тараптардың уағдаластығын сақтауға тоқталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тараптардың уағдаластығын сақтау, әскери шиеленісті тоқтату мен босқындарды елдеріне қайтару үшін жағымды жағдай жасаудың маңыздылығын атап өткен еді. Нәтижесінде елордада өтіп жатқан 17-ші кездесу осы жүйелі және тиімді жұмыстың жалғасы деп сеніммен айтуға болады, - деді департамент директорының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы