Астана процесі арқасында Сириядағы зорлық-зомбылық азайған

Астана процесі Сириядағы зорлық-зомбылықтың азаюына ықпал еткен. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы өткен жылы өз мүмкіндігіне орай, достас Сирия халқын және сириялық реттеу процесін қолдауға күш-жігерін салып келеді. 2017 жылы қаңтардан бастап, бүгінгі таңға дейін кепілгер елдер мен БҰҰ қолдауымен Сирия жөніндегі халықаралық 19-шы кездесу ұйымдастырылып, оның 17 раунды елімізде өтті. Астанада форматында өткізілген кездесулер зорлық-зомбылықтың төмендеуіне әкелді. Жәнеде бұрын мәмлеге келе алмаған саяси күштер арасындағы жүйелі диалогтарды қалыптастыруға негіз болды, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Астана форматындағы келіссөздер келесідей мақсаттарға қол жеткізуге ықпал еткен:

Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтың деңгейі едәуір төмендеді. Екіншіден, бейбіт тұрғандар арасындағы шығын азайды. Деэскалацилық аймақтар құрылды. Босқындардың азат етілген аудандарға оралуы үшін жағдай жасалып, тұтқындармен алмасу процесі басталды, - деді Әділ Тұрсынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы