Астана полициясында қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Дәурен Қазбеков полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондар табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қоғамдық көмекшілер құқықтық тәртіпті сақтауға үлкен үлес қосады. Азаматтық санасы жоғары елорда тұрғындары құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күресте баға жетпес көмек көрсетеді. 

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын полицияның қоғамдық көмекшілері пәрменді көмек көрсетеді, - деп атап өтті ол. 

Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қорғауға қоғамдық құрылымдардың 1344 өкілі қатысады, оның ішінде құқық қорғау органдарының ардагерлері, Қоғам кеңестерінің құрамында, консьерждер, күзет құрылымдарының қызметкерлері, жедел-жастар жасақтарының мүшелері бар. 

 Өткен жылы қоғамдық құрылымдар 3057 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға қатысты, ІІО-ға 1798 құқық бұзушы жеткізілді, жедел қызығушылық тудыратын 398-ден астам ақпарат берілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы