Астана полицейлері теміртаулық азаматтан 3 келі гашиш тәркіледі

Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеке тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті алынды. 

Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталды. Аталған дерек ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы