Астана полицейлері есірткі сатушыны ұстады

 Астана полицейлері есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

 Елордалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткі өндірумен айналысатын адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында бұрын бірнеше рет сотталған елорданың 53 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматты тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. 

Оның ірі мөлшердегі “экстракциялық апиын” есірткі затын өткізуге қатысы бар екені анықталды. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Күдікті Астана қаласының ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы