Астана полицейлері әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді

Астана қалалық полициясы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тағы жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құзырлы орган әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу Қазақстан Республикасының «кісі өлтіру» ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын жазды.

Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - делінген полицияның Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі мұның алдында Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы