17 Маусым 2024 2024, 02:30 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртке оранды

"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар жанып жатқан көліктегі өртті жойған.

Шортанды кенті ауданындағы "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды.

Өрт сөндірушілер өртті шақырту сәтінен бастап 21 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.