«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды
«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция осыған қатысты іс қозғады.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 шілдеде болды.
Биылғы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Айта кетсек, бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғандығы туралы әлеуметтік желіде видеожазба тарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда МӘМС-тен 11 млрд-қа жуық жарна түскен
Келесі жаңалық
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Өзгелердің жаңалығы