Астана-Павлодар бағытында тікелей әуе рейстер ашылады
1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Павлдар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын.
Осыған орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізіп, айына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосты.
Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы