Астана Операда «Евгений Онегин» жауһары сахналанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 және 31 наурызда «Астана Операда» П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» жауһары сахналанады. 31 наурыз күні Ленский партиясында алғаш рет Үлкен зал сахнасына театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов шықса, князь Гремин бейнесінде осы күні «Астана Опера» солисі Евгений Чайников дебют жасайды. Спектакль театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өтеді. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кемеңгер П.И.Чайковскийдің арқасында «Евгений Онегин» қаһармандары әдеби ғана емес, сондай-ақ музыкалық классиканың да бөлігіне айналды. Қызба, әрі романтикалық ақын Ленскийдің бейнесі – отандық тыңдармандар үшін ең сүйікті опералық кейіпкерлердің бірі. Шаттанған, сонымен қатар жаны нәзік опера қаһарманы сыршыл, әрі терең драмалық кейіпкер болып табылады. П.И.Чайковскийдің өзі болса, қайғылы жағдайлар мен ақсүйектер қоғамындағы жөн-жосықсыз талаптардың кесірінен дарынды жас жігіттің қазасы бірмезетте қайғылы, әрі әсерлі деп пікірін білдірген.

«Ленский – қамсыз Ольгаға ғашық болған ақын, әрі суретші, жүрегі тулаған жас жігіттің қайғылы бейнесі. Операдағы іс-әрекеттің өрбуіне қарай, достық пен махаббат арасында дау-дамай туындайды. Менің кейіпкерімнің қайғысы өзінің жан досы – Онегиннің сатқындығында ғана емес, сүйікті қызының сезімдері соншалықты терең болмауында жатыр. Бұл партияны орындауда көптеген аса нәзік ерекшеліктер бар, тыңдарман қауымға бейнені вокалдық, әрі актерлік шеберлік тұрғысынан жеткізіп, кейіпкерімнің бойындағы аса қанық эмоцияларын паш ету мен үшін өте маңызды», - деп атап өтті Нұрлан Бекмұхамбетов.

30 наурыз күні Владимир Ленскийдің бейнесіндегі өзіндік интерпретациясын «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Италия жұлдызы орденінің кавалері Медет Чотабаев ұсынса, князь Гремин рөлінде театрдың жетекші солисі, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы