«Астана Опера» театрынан жарылғыш зат табылмады – ПД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Астана Опера» театры ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Бұл туралы   Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 желтоқсан күні сағат 11:25-те «102» пультіне «Астана Опера» театрының қауіпсіздік қызметінен ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті заттың байқалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына арнайы қызмет жіберілді. Театрда болған адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылмады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қалалық полиция департаментінен аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы