«Астана Опера» солисі «Большая опера» тележобасының жеңімпазы атанды ⠀

«Астана Опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оған Беларусь, Армения, Өзбекстан мен Ресейден әншілер қатысты. ⠀ 

Дінмұхамед Көшкінбаев – ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының түлегі, Бибігүл Төлегенова байқауының бас жүлде иегері, Ева Мартон танымал халықаралық вокалистер байқауының (Венгрия) финалисі. ⠀ 

Қараша айында әншінің жеңістер қазынасы тағы бір мәртебелі марапатпен толықты: орындаушы «Opera Crown Tbilisi» халықаралық вокалдық байқауында үшінші орынды иеленіп, арнайы жүлдесін алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

«Большая опера» – «Культура» телеарнасының танымал жобасы, оның тұсаукесері 2011 жылы өткен болатын. Оған шоу мен академиялық концерт элементтері біріктірілгендіктен, оның барлық маусымдары көрермендердің зор қызығушылығын туғызған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы