10 Шілде 2026, 00:25
Астана-Омбы бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылды
VietJet Qazaqstan әуе компаниясы Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігіне байланысты 9-20 шілде аралығында Астана - Омбы - Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты.
Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды: билет құнын, соның ішінде трансферлік бағыттарды қоса алғанда, толық көлемде қайтару немесе 14 шілдеден бастап мүмкін болатын Петропавл арқылы балама бағытты пайдалану.
Жаңа бағыт бойынша жолаушылар алдымен Астанадан Петропавлға ұшақпен жетеді. Одан әрі Омбыға дейін әуе компаниясы ұйымдастыратын автобуспен жеткізіледі.