Astana Mining &Metallurgy: Металлургия өндірісінің деңгейі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев тау-кен саланың дамуын кезеңіндегі негізгі аспектілеріне тоқталды. 

Индустрияландыру кезеңінде 2010-2019 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жаңа міндеттер бекітілді. Осылайша, жалпы құны 7,9 трлн болатын 1 250 жобаны іске асыру нәтижесінде жаңа өсу нүктелері пайда болды. Global-2000 / TNK тізімінен 22 инвестор тартылды.  Жаңғырту арқылы тиімді базалық индустрия құрылды. 35 кәсіпорын, экономиканың жаңа бағыттары мен жоғары экспорттық-инновациялық әлеуеті бар жаңа өнімдер пайда болды.  Өндірістік сектордағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы климат қалыптасты, оның ішінде концессиялық және лизингтік қаржыландыру, үлестік қаржыландыруды айтсақ болады, - деді ол.

Министр алдымызда отандық шикізатты тереңірек өңдеу және жоғары технологиялық экспортқа бағытталған тауарлар ассортиментін кеңейту міндеті тұрғанын айтты. 

Металлургия өнеркәсібінде негізгі асыл және түсті металдардың өндірісі 3955 миллиард теңгенің деңгейіне жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Қара металлургияда өндірілген өнім көлемі 1652 миллиард теңгені құрады, - дейді Сәрсембаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы