23 Қараша 2026, 23:55
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Астана мен Токио кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға мүдделі
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Томоаки Ишигакиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, «Орталық Азия + Жапония» форматы аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысында тараптар екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.