Жолаушылар Татарстан қаласы Қазаннан Астанаға және Астанадан Қазанға тікелей рейстермен ұша алады.
23 Қазан 2026, 23:58
Фото: planespotters.net
Астана мен Қазан арасында тікелей рейс ашылады
27 қазаннан бастап ресейлік Nordwind әуе компаниясы Астана – Қазан рейсін іске қосады.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшағымен орындалады.
Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан астанасы мен Ресейдің ірі мәдени, білім беру және іскерлік орталықтарының бірі саналатын Қазан қаласы арасындағы мүмкіндіктерді арттырады, – деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі.