«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуінің ең қымбат билеті – 55 мың теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. УЕФА Еуропа лигасының  топтық кезеңінде «Астана» мен Англияның атақты «Манчестер Юнайтед» клубы бір топқа түскен болатын. Елордамызда өтетін 28 қарашадағы ойынның билеттерінің бағасы жария етілді.


Билеттерді онлайн түрде сататын Тикетон сайтының мәліметі бойынша, «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуіне кірудің ең арзан билетінің бағасы – 4000 мың болса, ең қымбаты 55 мың теңге тұрады.

Ал өзге топтағы екі команда Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ командаларымен ойынның билеттері 1500-12000 теңге аралығында.

Айта кетейік,елорда командасы аталған командалармен Еуродода ойындарында бірінші рет кездескелі тұр.

«Манчестер Юнайтед» Англияның 20 дүркін чемпионы, УЕФА Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы.

«Астананың» қатысуымен өтетін L тобындағы ойындардың кестесі: 

9.09.2019
«Манчестер Юнайтед» –  «Астана»; 

3 қазан
«Астана» – «Партизан»; 

24 қазан
«АЗ Алкмар» – «Астана»;

7 қараша
«Астана» – «Аз Алкмар»;

28 қараша
«Астана» – «Манчестер Юнайтед»; 

12 желтоқсан 
«Партизан» – «Астана».

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы