Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 24 қарашада Астана мен 15 өңірде күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" 24 қарашада Астана мен 15 өңірде күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана
Көктайғақ, тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с.
Алматы облысы
Түнде және таңертең облыстың орталығында және оңтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман.
Атырауда – түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысы
Жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ пен жаяу бұрқасын. Батыста, оңтүстікте және шығыста – тұман. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.
Көкшетауда – түнде және таңертең көктайғақ. Жел 15–20 м/с.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең оңтүстікте және таулы аудандарда тұман.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең орталықта және таулы аймақтарда тұман. Алакөл көлдері ауданында жел 17–22 м/с.
Талдықорғанда – түнде және таңертең тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батыста, солтүстікте және шығыста – тұман, түнде көктайғақ пен жаяу бұрқасын. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.
Петропавлда – түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман. Жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде солтүстікте аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты. Түнде және күндіз – жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел 15–20 м/с, екпіні 25 м/с.
Өскеменде – күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел 15–20 м/с.
Абай облысы
Түнде батыста және солтүстікте, күндіз шығыста және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты. Түнде батыста және солтүстікте – жаяу бұрқасын және көктайғақ, күндіз – жаяу бұрқасын және көктайғақ. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Семейде – жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел 15–20 м/с.
Павлодар облысы
Жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.
Павлодар – көктайғақ. Жел 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең солтүстікте тұман.
Ұлытау облысы
Солтүстікте, шығыста және орталықта тұман. Солтүстікте жел 15–20 м/с.
Жезқазғанда – кей уақытта тұман.
Батыс Қазақстан облысы
Тұман күтіледі.
Оралда – тұман.
Қостанай облысы
Түнде солтүстікте және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын. Батыста, солтүстікте және шығыста – тұман. Жел 15–20 м/с.
Қостанайда – түнде көктайғақ.
Қарағанды облысы
Солтүстікте және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман. Жел 15–20 м/с.
Қарағандыда – таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, кей жерлерде тұман. Жел 15–20 м/с.
Қызылорда облысы
Орталықта, оңтүстікте және солтүстікте тұман.
Қызылордада – кей уақытта тұман.
Жамбыл облысы
Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман. Жел 15–20 м/с.
Таразда кей уақытта тұман күтіледі.