Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады
Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Құрылыс кодексі жобасы бойынша жұмыс тобы менің Жер кодексінің 109-бабына енгізген түзетуімді қолдады. Біз екі қаланың көшелеріндегі жекеменшік ақылы автотұрақтарды алып тастаймыз. Алматыда олигархтар делдал фирма арқылы адамдардан автотұрақ үшін ақша жинағанын бәрі біледі. Қаланың бюджеті миллиардтаған теңгеден қағылды, кінәлілер жазаланды, бірақ жүйе өмір сүре берді – Алматыда да, Астанада да. Қалалықтар төлеп жүргенде, біреулер жай ғана байып отырды, – деді депутат.
Базарбектің айтуынша, жекеменшік ақылы автотұрақтар “қызмет емес, схема болған”. Оның сөзінше, енді Астана мен Алматыда әкімдіктерге жол бойындағы бос кеңістіктерді жекеменшік ақылы автотұрақ ұйымдастыру үшін уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
Енді Алматы мен Астанадағы автотұрақтарға төленетін барлық төлемдер бай-манаптардың қалтасына емес, жергілікті бюджетке түсетін болады, – деді депутат.
Ол сондай-ақ оның түзетуін депутаттар қолдағанын айтты. Базарбектің сөзінше, енді салалық комитеттің түпкілікті шешімі күтіледі.
- Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 08:10
- Еуропада газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді 07:48
- Әлемдегі тұрақсыздық: Қазақстан экономикасын қай салалар арқылы әртараптандыру керек? 07:30
- Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 07:10
- Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады 06:56
- Азия ойындары-2026: таеквондодан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды 05:51
- Әлемде роботтарға арналған алғашқы жедел жәрдем пайда болды 04:45